Handoff функциясын қосу
iPhone немесе iPad құрылғысында: «Реттеулер»
> «Жалпы» > «AirPlay және үздіксіздік» тармағына өтіңіз, одан кейін «Handoff» реттеуін қосыңыз.
macOS 13 немесе одан кейінгі жүйесі бар Mac компьютерінде: Apple мәзірі
> «System Settings» тармағын таңдаңыз, бүйірлік тақтада «General» түймесін басыңыз, «AirDrop & Handoff» түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices» реттеуін қосыңыз.
macOS 12.5 немесе оған дейінгі жүйесі бар Mac компьютерінде: Apple мәзірі
> «System Preferences» тармағын таңдаңыз, «General» түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices» параметрін таңдаңыз.